International Mathematics Physics And Computer Science Teachers and Trainers Olympiad

Математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының VII Халықаралық ашық шығармашылық байқауы - IMPACT Olympiad

Құрметті достар! 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларын анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауын өткізеді.⭐

Байқау 2026 жылғы 10–14 қаңтар аралығында өтеді. Қатысу онлайн және офлайн форматта жүзеге асырылады.
Қазақстан мен шетел мектептерінің мұғалімдері мен жаттықтырушылары байқауға қатысуға шақырылады.

Байқауға қатысу ерікті және анонимді түрде жүргізіледі. Әр қатысушыға жеке код беріледі, осы код арқылы өз нәтижесін біле алады. Байқау қорытындысы бойынша тек жеңімпаздар мен жүлдегерлердің аты-жөні жарияланады.
Байқау математика, физика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтетін кезеңде Алматы қаласында ұйымдастырылады.
Қатысу үшін ұйымдастырушылық жарна:
— Қазақстан Республикасының азаматтары үшін — 30 000 теңге

❗️ Қатысу үшін 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейін тіркеу формасын толтыру қажет:
https://clck.ru/3EXLQA

Олимпиаданың алдын ала бағдарламасы:

10.01 — тіркеу, байқаудың және Халықаралық Жәутіков олимпиадасының ашылуы
10.01, 19:00 — онлайн қатысушылар және информатика пәні бойынша мұғалімдер мен жаттықтырушылар үшін техникалық тур
11.01, 09:00 (Астана уақыты) — математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдер мен жаттықтырушыларға арналған олимпиада
13.01, 08:00–12:00 (Астана уақыты) — жұмыстарды үйлестіру (координация)
14.01 — жабылу рәсімі

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бұқар Жырау 36б

Телефон: +7 747 161 25 23
Олимпиада сайты: http://impact.izho.kz/
Электронды пошта: gulnur.aubakirova@fizmat.kz
WhatsApp арқылы сұрақтар: +7 705 118 02 91 (Ұйымдастыру комитеті)
Төлемге арналған деректер:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/23
БИН: 941240001210
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ИИК: KZ146017131000052888
БИК: HSBKKZKX
КБЕ: 18
КНП: 861
Төлем мақсаты: IMPACT-2026 байқауына қатысу

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті